Хаттама №4 » Т.Мұсақұлов орта мектебімектебі
Almaty region білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Т.Мұсақұлов атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
19
December
2018

Хаттама №4



Хаттама № 4

Board of Trusteesтің отырысы
             «Т.Мұсақұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» Education Department of Kerbulak district.

Өткізілген уақыты:            19.12.2018 жыл

Отырыстың басталуы:      15.00 сағ.

Отырыстың аяқталуы:     17.00 сағ.

Отырыстың төрағасы:       Байболов Мурат

 Қатысқандар:   30             

 Қатыспағандар:  1               

Күн тәртібінде:

1.2018-2019 оқу жылында «Т.Мұсақұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекттік мекемесінің  директоры  Исаев Жандостың жарты жылдық есебі.

Тындалды:

 Мектеп директоры  Ж.Исаевтың атқарған жұмыстарына талдау жасап, есебі тындалды.

     Мектептің даму жоспары жасалынып, бекітілді. Қыркүйек,қазан айларында республикалық ата-аналарға арналған  «XXI ғасырдағы Қазақстандық  ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты конференциясы өткізіліп, қорытындысы аудандық білім бөліміне тапсырылды. Конференцияға ата-аналар 100% қатысты. Соңынан ата-аналарға ойларымен бөлісіп,өз ойларын ашық, шынайы білдірді.Қыркүйек айынан бастап мектепте оқушы үні,ата-ана үні ұйымдастырылып,түскен хаттар үнемі назарда болып,талданып отырылды.
         Мектепте мұғалімдердің демеушілігімен «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып,қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің қатысуымен жартылай жетім,көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына мектеп құралдары,спорттық аяқ киім,мектеп сумкасы алынып берілді.Д есептегі 1 балаға ақшалай көмек көрсетілді.

        Қазақстан Республикасының  The presidentі Н.Назарбаевтың 2018жылғы 5қазанда жолдаған жолдауы мектеп ұжымымен бірігіп талданды. Мектептің даму жоспарына сәйкес TALIS сауалнамасы  алынды, қорытындысы шығарылды. UNT-ға әзірлік жұмыстарына байланысты 11сынып оқушыларының ата-аналарымен үнемі жиналыс өткізіледі. UNT қорытындысы пед кеңесте қаралып, хатаммасы жазылады.Мектепшілік пәндік олимпиядаға даярлық жұмыстары ұйымдастырылып, жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушылар 

аудандық олимиадаға жолдама алды. 




Оқушылар аудандық және облыстық пәндік олимиядаларға, ғылыми жоба жарыстарына да қатысып жүлделі орындарды иеленді.

        Қазақстан Республикасының The presidentінің  «Рухани-жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы Мемлекеттік Аграрлық Университеттің аға оқытушысы, ветеринария ғылымының кондидаты Туғанбаев Алмас Айдаралыұлымен кездесу ұйымдастырылды. Осы бағдарлама аясында оқушылар Қарасаз ауылда орналасқан М.Мақатаев мұражайына, Кеген ауылында орналасқан Тәуелсіздік монументіне, мұражайға саяхат жасап, танысты.

        Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры есебінен тегін тамақ  ұйымдастырып,көп  балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан,жартылай жетім 12(он ек) оқушыға тегін тамақ  ұйымдастырылды.
         Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында іс-шара жоспары жасалынып,оқушылармен дөңгелек үстелдер,пікірталастар өткізілді.Түнгі кезекшілік кестесі жасалынып,кезекшілік қортындысы дирекция отырысында қаралынады.Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық болған жоқ.
      «Ұлағатты ұрпақ» қоғамдық қорының тағайындауымен Тұзкөл ауылының 1975 жылғы туған түлектерінің демеушілігімен оқу озаттары мен аудандық, облыстық шараға белсене қатысып, жоғары көрсеткіш көрсеткен 20(жиырма) балаға мақтау қағазы және шәкіртақылар берілді.

       Атқарылған жұмыстар жайлы  SWOT талдауы жасалып,талданды. 

Жарыссөз:

1.Board of Trusteesінің төрағасы Байболов Мұрат.Мектеп директорының жарты жылдық есебін тындадық. Мектепте көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Оқушылар арасында спорт үйірмелері жақсы жолға қойылған. Бұдан былайда мектеп ауданымыздың үлгілі мектептерінің бірі болатына сенеміз. Оқушылар арасында құқық бұзушылық тіркелген жоқ. Бұл да ұстаздардың тәрбиесі деп ойлаймын. 

2.Board of Trusteesінің мүшесі Құсайнов Абайбек. Мектепте білімді ұстаздар мен білімді оқушыларымыз жетерлік .Көріп отырғанымыздай оқушыларымыз аудандық ,облыстық жарыстарға қатысып,жүлделі орындар иеленген .Менің ұсынысым болашақта мектептен шахмат үйірмесін ашылуын қалаймын. Оқушылар қызығушылықпен қатысады деп ойлаймын. Мектепте волейбол секциясы жақсы жұмыс істейді. Оқушылар спорттық жарыстарға белсене қатысады. Болашақта да білімді оқушыларымыз көбейіп, мектебіміз биіктер көрінеді деп сенеміз. Осыған бәріміз ат салысайық.


Шешім етеді:

1.Мектеп директоры Исаев Жандостың есебі қанағаттанарлық деп табылсын.

2.Мектеп  жұмысын жандандыру мектеп ұжымына және мектеп директоры  Исаев Жандосқа тапсырылсын.


                                          Төраға:                                   М.Байболов

                                           Төрағасының 

                                           орынбасары:                          К.Асанов
                                            Ата-ана комитетінің 

                                           төрайымы:                              М.Бақытжанова