Мектеп туралы » Т.Мұсақұлов орта мектебімектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Т.Мұсақұлов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
май
2017

Мектеп туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы ндағы Тұзкөл ауылындағы Тәліп Мұсақұлов атындағы орта мектептің өзіндік тарихы бар ,өнегелі білім ордасы.Мектептің сан жылғы тарихын саралап отырсақ, бала тәрбиесін, білім сапасын биікке көтерген бірқатар ұлағатты ұстаздар еңбек етті. 1927 жылы №2 Құрман мектебі болып ашылды. Ол кездегі бастауыш мектеп директоры Құлмұханбетов Мәлгаждар. Сол жылдары осы мектепте Сұраншы Сауранбаев алғашқы ұстаздық жолын бастаған еді. 1931 жылы Қолтық ауылы болып құрылып, мектеп салынды. 1935-1936 жылдары Тұзкөл колхозы құрылып мектеп директоры Бейсенбеков Мәрмақын , 1942 жылдары мектеп директоры Тілесов Әбдікерім болды. 1944жылы бастауыш мектептен алты жылдық мектепке көшірілді. 1949жылдары мектепте қазіргі «Білім беру үздігі» Башен Баймұратовалар еңбек етті. 1967жылы алты жылдық мектептен сегіз жылдық мектеп болып құрылды. 1968-1972 жылдары Үмбеталиев Мәлік мектеп директоры болып қызмет атқарды. Сол кездегі оқу ісінің меңгерушісі Асқарбек Айдаров болды. 1973-1976 жылдары Қайыңбаев Игенбай директорлық қызмет атқарған уақытта , ол кісі ұстаз, мектеп, қоғам өміріне белсене араласып, баспасаөз беттеріне материалдар жариялап тұрды. 1975 жылы мектептің оқу ісінің меңгкерушісі болып, Роза Баянқызы Алханова ұсынылды. 1976 жылы Сарынбаев Дүйсен мектеп директоры болып орналасты. 1981жылы мектепте «Халық ағарту ісінің қызметкерлері, еңбек ардагері» Рақыш Иманбердиев директор болып тағайындалды. Осы кісінің өтінішімен 1989 жылы жаңа мектеп үйі ,колхоз басқармасы Нүсіпбек Әшімбаев,Бақыт Оспановтардың басшылығымен жаңа мектеп үйі бой көтеріп пайдалануға берілді. 11жылдық орта мектеп болып ,жеке пәндік кабинеттер, спорт залы 100адамдық асхана, балабақша ашылып іске қосылды. 1989 жылы мектепке ғалым,профессор соғыс ардагері Тәліп Мұсақұловтың есімі берілді. Тәліп Мұсақұлов 1909 жылы Тұзкөл ауылының Сарыбастау апуылында дүниеге келген. 1931 жылы КазПи-ді бітірген.1942-45 жылдары Ұлы Отагн соғысында әскери газеттің тілшісі, редактор болып жұмыс атқарған.Тәліп Мұсақұловтың 50-ден аса оқулығы ,300-ге тарта ғыылыми мақалалары бар. Алғашқы орысша-қазақша биологиялық терминдер сөздігінің авторы. 1981-1989жылдардан бері пән иелері математика пәнінің мұғалімі Дүйсейбаева Қаншархан, фихика пәнінің мұғалімі Сатаева Батима, бастауыш сынып мұғалімдері Жанұзақова Жалғас, Ақтаева Гүлбаршын аянбай еңбек етті.

Мектеп директорлары
*Ұмбенталиев Мәлік 1962-1973 жж *Қайыңбаев Игенбай 1973-1976жж *Сарынбаев Дүйсен 1976-1981жж *Иманбердиев Рақыш 1981-1990жж *Ұлдарбеков Бақыт 1990-1993жж *Әденов Әбітай 1993-1999жж *Қазыбаев Талғат 1999-2003жж *Исаев Жандос 2003-2006жж *Қарабалаева Дариха 2006-20012жж *Намазбаев Қырғызбай 2012 жылдан